Әлем чемпионы Қанат Ислам:
- Бауырлар, біз тәуелсіз елде, өзіміздің жерде, тыныштықта өмір сүріп жатырмыз. Сол тыныштықтың қадірін білейікші, бауырлар. Мен Америкада жүргенде осы еліме қайтқанша асығамын. Америка деген адам тұратын жер емес. Ол жақта адамдардың бүкіл жағдайы жасалып қойған. Теледидардың бәрі шоу, интернет тегін, кредит ала бересің. Керегіңнің бәрі бар, бірақ адамдары рухани азғындап кеткен. Көздерінің әр жағында ешнәрсе жоқ. Қазіргі кезде біреулер: "Қазақстанда демократия жоқ" - деп жүр ғой. Алайда, нағыз демократия бізде.
Америкада біздегідей кез-келген адам үйінде отырып алып Президентін жамандап жаза алмайды. Ол жақта барлық нәрсені заңмен байлап тастаған. Керек десеңіз, өзіңіздің жолдас балаңыздың сәбиіне: "Ой қандай әдемі бала" - деп айта алмайсың. Олай айтсаңыз сізді сотқа беруге хақысы бар.
Мен жаттығатын жердің жанында мешіт бар. Сол мешіттің имамы палестиналық. Мен одан сұраймын: "Сен не істеп жүрсің мына жақта? Сені не ұстап тұрған? Қайтпайсың ба еліңе?" - десем, "Е, егер елімде тыныштық болса, төбеңнен оқ жаңбырдай жауып тұрмаса, мен мына жерде 1 минутта тұрмас едім. Елімде тыныштық болмай тұр ғой" - деп мұңаяды.
Сондықтан, осы тыныштықты бағалайық бауырлар!